Accessibility links

АҚШ әлеуметтік желі компанияларынан Иран билігінің аккаунттарын бұғаттауды сұрады

Әлеуметтік желіге кіра алмай тұрған Иран тұрғыны. 17 қараша 2019 жыл.
Әлеуметтік желіге кіра алмай тұрған Иран тұрғыны. 17 қараша 2019 жыл.

АҚШ Facebook, Instagram және Twitter әлеуметтік желісінің иелерінен Иран билігінің аккаунттарын бұғаттауды сұрады.

АҚШ-тың Иран бойынша өкілі Брайан Хук Bloomberg News сайтына берген сұхбатында "Әлеуметтік желі компанияларын Иран билігі елдегі интернет жұмысын қалпына келтіргенге дейін Иранның рухани көсемі [аятолла Әли] Хаменидің, сыртқы істер министрі [Мохаммед Жавад] Зарифтің, Иран президенті [Хассан] Роуханидің аккаунттарын бұғаттауға шақырамыз" деді.

Иран билігі елдегі бензин бағасын көтерген соң халық жаппай наразылыққа шыққан. Ресми Тегеран интернетті бұғаттап, ұялы байланысты шектеген. Халықаралық ұйымдар елде интернет әлі дұрыс істемей тұрғанын айтады. Иран билігі жүзден астам қалада болған наразылықтан 12 адам қаза тапқанын хабарлады. Бірақ Amnesty International ұйымы Иранда наразылық кезінде 100-ден астам адамның мерт болғанын мәлімдеді.

Өртенген ғимарат, қираған банк. Наразылықтан кейінгі Иран

Тегерандағы наразылық кезінде өртенген ғимарат. Ел билігі бензин бағасын көтерген соң ірі қалаларда халық жаппай наразылыққа шықты. 
1/10 Тегерандағы наразылық кезінде өртенген ғимарат. Ел билігі бензин бағасын көтерген соң ірі қалаларда халық жаппай наразылыққа шықты. 
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Шахрияр қаласындағы наразылық кезінде қаза тапқан Ислам революциясы сақшыларының корпусының мүшесін жерлеу рәсімі. Артқы пландағы ғимарат та наразылық кезінде қираған.&nbsp;<br />
&nbsp;
2/10 Шахрияр қаласындағы наразылық кезінде қаза тапқан Ислам революциясы сақшыларының корпусының мүшесін жерлеу рәсімі. Артқы пландағы ғимарат та наразылық кезінде қираған. 
 
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Тегерандағы жанармай құю станциясы. Халықаралық ұйымдар наразылық кезінде екі жүздей адам мерт болғанын айтады. Иран билігі 12 адам қаза тапқанын хабарлады.&nbsp;<br />
&nbsp;
3/10 Тегерандағы жанармай құю станциясы. Халықаралық ұйымдар наразылық кезінде екі жүздей адам мерт болғанын айтады. Иран билігі 12 адам қаза тапқанын хабарлады. 
 
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Шахриярдағы қираған сауда орны.&nbsp;
4/10 Шахриярдағы қираған сауда орны. 
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Shahr банкінің өртенген ғимараты.&nbsp;Шахрияр қаласы
5/10 Shahr банкінің өртенген ғимараты. Шахрияр қаласы
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Наразылық кезінде қаза тапқан әскеридің жерлеу рәсімі. Шахрияр қаласы.
6/10 Наразылық кезінде қаза тапқан әскеридің жерлеу рәсімі. Шахрияр қаласы.
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Істен шыққан банкомат. Шахрияр қаласы.<br />
&nbsp;
7/10 Істен шыққан банкомат. Шахрияр қаласы.
 
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Фотогалереядағы суреттердің көбі 20 қарашада түсірілген.&nbsp;
8/10 Фотогалереядағы суреттердің көбі 20 қарашада түсірілген. 
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Өртенген ғимарат.&nbsp;
9/10 Өртенген ғимарат. 
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Шахрияр қаласындағы Иран ұлттық банкінің ғимараты да зақымданған. Иран билігі елдегі наразылыққа &quot;сыртқы жауларды&quot; айыптады.&nbsp;
10/10 Шахрияр қаласындағы Иран ұлттық банкінің ғимараты да зақымданған. Иран билігі елдегі наразылыққа "сыртқы жауларды" айыптады. 
Иран билігі наразылықтан кейін елде интернетті бұғаттап тастаған. Бірақ соған қарамастан желіде наразылық кезінде қираған ғимараттардың суреттері тарап кетті.
Previous slide
Next slide

Иран елдегі наразылыққа "сыртқы жаулары" АҚШ, Сауд Арабиясы және Израильді айыптайды.

"Иран режимі наразылық кезінде адамдарды өлтіргенін, елдегі қайғылы жағдайды жасыру үшін интернетті бұғаттады" дейді Хук.

AFP ақпарат агенттігінің жазуынша, Facebook, Instagram және Twitter АҚШ-тың ұсынысына әзірге жауап берген жоқ.

22 қарашада АҚШ Иран байланыс министрі Мохаммад Жавад Азари Жахромиге "интернет цензураға қатысы бар" деп санкция салды.

XS
SM
MD
LG