Accessibility links

Нұр-Сұлтандағы жол апатынан үш адам қаза тапты


24 қараша таңғы 6.45-те Нұр-Сұлтанда көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті хабарлады.

Департаменттің дерегінше, "ВАЗ-21099 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы (1997 және 1983 жылы туған) қайтыс болды. Toyota Camry жүргізушісі мен ВАЗ-21099 көлігінде отырған тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді".

Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Еуропа одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын әлемдегі бес елдің қатарына енеді. Жол ережесін сақтамау және жол сапасы – көлік апаттарының негізгі себебі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG