Accessibility links

Түркістан облысында жол апатынан 15 адам зардап шекті


Төрт көлік соқтығысқан жол апаты. Түркістан облысы, 24 қараша 2019 жыл.
Төрт көлік соқтығысқан жол апаты. Түркістан облысы, 24 қараша 2019 жыл.

24 қарашада Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Шымкент-Сарыағаш жолында төрт көлік соқтығысып, 15 адам зардап шеккен. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жеті адам жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Үш адам травматология бөліміне түсті. Үш адам үйіне жіберілді. Санавиациямен облыстық ауруханадан аудандық ауруханаға нейрохирург дәрігерлер жеткізілді. Бір адамға операция жасалды. Тағы екі адамға операция жасалады" деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Департаменттің дерегінше, жол апатынан бір көлік өртенген. Қазір тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр.

Желіде тараған видеодан далада қар жауып тұрғанын, бір адамның жанұшыра "жедел жәрдем шақырыңыздар" деп айғайлап жатқанын көруге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG