Accessibility links

Иран билігі: Наразылық кезінде 180 адам ұсталды


Ирандағы наразылық кезінде полиция адамдарды ұстап жатыр.
Ирандағы наразылық кезінде полиция адамдарды ұстап жатыр.

Иран полициясы елде болған билікке қарсы наразылық кезінде 180-нен астам адам ұстаған. Бұл туралы мемлекеттік IRNA агенттігі хабарлады. Мәлімдемеде "ұсталғандарды наразылықтың лидерлері" деп сипаттаған. Билік "ұсталғандар полицияға шабуыл жасады, ғимараттарды өртеді және жұртты интернетте наразылыққа шақырды" деп санайды.

Қарашаның ортасында Иран билігі елде бензин бағасын көтерген соң жаппай наразылық басталған. Кейін халық билікке басқа да талаптар қойды. Тегеран елде интернетті бұғаттап, ұялы байланысты шектеді.

Иран билігі наразылыққа шыққандардың көбін Батыс елдерінен ақша алған деп айыптайды. Amnesty International ұйымы наразылық кезінде 106 адам қаза тапты деп есептейді. Ресми Тегеран наразылық кезінде тек оннан астам адам мерт болды деп отыр.

Азаттықтың Иран қызметінің дерегінше, наразылықта мыңдаған адам ұсталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG