Accessibility links

Люксембург СІМ басшысы Палестинаны мемлекет ретінде мойындауды сөз етті


Теңіз жағасында жүрген Палестина балалары. Газа секторы, шілде 2019 жыл.

Люксембург сыртқы істер министрлігінің басшысы Еуродаққа Палестинаны мойындау жайлы ұсыныс жасады. Бұл хабарды Der Tagessoiegel басылымы таратты.

- Еуропа одағына мүше мемлекеттер Палестинаны мемлекет ретінде мойындау жөнінде пікірталас өткізуі тиіс,- деп мәлімдеді Люксембург сыртқы істер министрі Жан Ассельборн. Оның сөзінше, мұндай қадам АҚШ президенті Дональд Трамптың әрекетіне жауап болады.

Министр мұны әрбір мемлекетте, әсіресе Германия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Испания және Люксембургте жеке талқылап, шешімге келудің қиындығын мойындайды. Бірақ Еуропа одағы бойынша мұндай мәселені көтеруге болады.

Люксембург министрінің сөзінше, Еуродақ мүшелерінің барлығының Палестинаны мемлекет ретінде мойындауы "Отан, мемлекет" израильдіктерге қаншалықты керек болса, палестиналықтарға да соншалықты керек екенін анық білдіретін белгі болмақ.

Таяуда АҚШ билігі Израиль басып алған Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстары жайлы ұстанымы өзгергенін хабарлаған. Вашингтон мұнан әрі еврей қоныстары халықаралық құқықты бұзып тұр деп санамайды, Батыс жағалау мәртебесі Израиль мен палестиналықтар арасындағы келіссөзде анықталуы керек деп есептейді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG