Accessibility links

Кабулде БҰҰ көлігіне шабуыл жасалып, шетел азаматы қаза болды


Ауғанстан картасы.
Ауғанстан картасы.

Ауғанстан астанасы Кабулде 24 қарашада БҰҰ автокөлігіне шабуыл жасалып, шетелдің кем дегенде бір адамы қаза болған.

Ауғанстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Насрат Рахимидің хабарлауынша, тағы да бес адам жарақаттанған, оның екеуі ауған қызметкерлері. Автокөлік қаланың адамы көп орталық көшесінде жарылған.

Әзірге жарылысқа жауапкершілікті ешкім мойнына алмаған, алайда бұған дейін осыған ұқсас шабуылдарды «Талибан» қозғалысының содырлары мен «Ислам мемлекеті» террор ұйымының Кабулдағы экстремистік топтары жасап келген.

Дайкунди провинциясының Кажран ауданында қауіпсіздік күштерінің заставасына жасаған тәліптер шабуылынан ауғанның сегіз сарбазы оққа ұшқан. Бұл ақпаратты осы провинцияның губернаторы Әнуар Рахмати хабарлады. Оның сөзінше, бірнеше сағат атыс кезінде төрт сарбаз жараланған. Қосымша күш тартылғаннан кейін ғана шегінген содырлардың 20 адамы өлген.

Бұл шабуылды «Талибан» жасағанын оның өкілі Кари Юсуф Ахмади айтты. Бірақ ол губернатордың мәліметтерін теріске шығарып, содырлар «қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймасын басып алды» деп мәлімдеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG