Accessibility links

Ақорда Тәжинді елші етіп тағайындап Чехияға жіберді


Ақорда. Көрнекі сурет.

Бұрынғы мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі болып тағайындалды деп хабарлады Ақорда сайты.

Ол бұған дейін президент көмекшісі, кеңесші, екі рет мемлекеттік хатшы, сыртқы істер министрі, президент әкімшілігінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Бұл - Тәжиннің елшілік қызметке де екінші рет тағайындалуы. Бұрын ол Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін де атқарып келген.

Ал Қазақстанның Чехиядағы елшісі қызыметін 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Сержан Әбдікәрімов атқарған. Екі ай бұрын ол Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі болып тағайындалды.

59 жастағы Марат Тәжин 2019 жылы наурыз айында екінші мәрте мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалып, қыркүйек айында "басқа қызметке ауысуына" байланысты бұл қызметінен босатылған. Сонда оның орнына мемлекеттік хатшы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалған.

Оқи отырыңыз: «Биліктегі тұрақсыздық». Соңғы ауыс-түйістерге реакция

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG