Accessibility links

ММУ студенті ФСБ-ның өзін университеттің кітапханасында қинағанын айтты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Терроризмді ақтады" деп айыпталған Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті Марат Нығматуллин "ФСБ-ның екі қызметкері мені қинады" деп мәлімдеді. Бұл ақпаратты "Дождь" телеарнасы хабарлады.

Студенттің айтуынша, ФСБ-да істейтінін айтқан екі ер адам оны кінәсін мойындауға мәжбүрлеген. Олар студентті ұрып-соғып, университет кітапханасының залдарының біріне күшпен сүйреп әкелген. Сол жерде оның біреуі қалтасынан пышақ шығарып, "егер Нығматуллин сұраққа дұрыс жауап бермесе, қолын кесетінін" айтқан. Студенттің айтуынша, ол 22 рет пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оның жарақат алғанын растады. Нығматуллиннің айтуынша, өздерін ФСБ қызметкерлері деп таныстырған екі адам "егер кінәсін мойындамаса, жақындарын өлтіреміз" деп қоқан-лоқы жасаған.

Студент оқиғаны полицияға баяндап, ММУ ректоры Виктор Садовничевке хат жазған.

2018 жылы Марат Нығматуллиннің үстінен "терроризмді ақтау" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Керчь колледжіндегі қайғылы оқиғадан кейін ол Мәскеудің батыс ауданындағы тарихи ғимараттардың біріне бұл оқиғаға "Революционные школьники" ұйымы жауап береді деп жазылған үнпарақ ілген. Студенттің айтуынша, ол бұл сөзді бірге оқитын бір қызды "таңдандыру үшін" ілген. Ал ұйымның атауы ойдан шығарылған. 2018 жылы Нығматуллин үйқамаққа алынды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG