Accessibility links

Қытай елшісі Шыңжаңдағы қазақтардың қамалғаны жайлы ақпаратты "жалған" деді


"Бәрі жалған". Қытай елшісі Шыңжаң жайлы сұраққа қалай жауап берді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо "Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар қамауда отыр" деген ақпаратты "жалған" деді.

- Ондай ақпарат қайдан шығып жатыр? Оның бәрі – жалған, дезинформация, - деді ол Азаттық тілшісіне 27 қарашада Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан тұңғыш президент күніне арналған конференцияда (1 желтоқсан – елді 30 жыл басқарып, биыл президенттіктен кеткен, бірақ биліктің бір тармағын уысында ұстап отырған Нұрсұлтан Назарбаевты құрметіне мереке ретінде бекітілген).

Елші Азаттық тілшісінің басқа сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

27 қарашада Нұр-Сұлтанда 40 шақты адам жиын өткізіп, Қазақстан билігінен Қытайда қамалған туыстарына көмек көрсетуді сұрады. Жиынға келгендердің көбі жақындарының Шыңжаңдағы лагерьлерде қамауда отырғанын, сол жақтағы жақындарымен байланыса алмай отырғанын айтқан.

Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып, оған ұйғырлар, қазақтар және басқа да түркітілдес ұлттарды қамап жатқаны жайлы ақпарат 2017 жылы тарай бастаған. Пекин басында лагерьлердің барын жоққа шығарып, кейін бұл жерлерді "терроризм мен экстремизммен күресетін және кәсіп үйренетін орталық" деп сипаттаған. Былтыр БҰҰ "Шыңжаңдағы лагерьлерде бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандар отыр" деп мәлімдеген.

Былтырдан бері Алматы мен Нұр-Сұлтанда "туысымыз Шыңжаңда қамауда отыр" деген адамдар бірнеше рет жиын өткізіп, Қазақстан билігінен көмек сұраған.

Биыл мамырда Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо "Шыңжаңда қазақтарға қысым жасалады, Шыңжаңға барған қазақ студенттері кейін Қазақстанға қайта алмай жатыр" деген ақпаратты да "жалған" деген.

Ресми Нұр-Сұлтан Шыңжаңдағы жағдайға қатысты ресми ұстанымын білдірмеген, бірақ елдің сыртқы істер министрлігі Қытайдағы қазақтардың мәселесі дипломатиялық жолдармен шешіліп жатқанын айтқан.

24 қарашада Журналистердің халықаралық зерттеу консорциумы (ICIJ) "Қытай билігіне тиесілі" құпия құжатты жариялаған. ICIJ жариялаған құжатта "лагерьге түскендер қашып кетпес үшін не істеу керектігі, лагерьлердің барын құпия ұстау әдістері, ауру тараудың алдын алу тәсілдері, идеология жүргізу амалдары, қамаудағылардың дәретханаға шығатын, жақындарымен кездесетін уақытына" дейін көрсетілген. Қытайдың Ұлыбританиядағы елшілігі бұл құжаттарды "фейк" деген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 11.12.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG