Accessibility links

Әзербайжанның басқарушы партиясы парламентті таратуды ұсынды


"Жаңа Әзербайжан" партиясының атқарушы хатшысы Әли Ахмедов (ортада) Бакудегі баспасөз жиынында. 28 қараша 2019 жыл.
"Жаңа Әзербайжан" партиясының атқарушы хатшысы Әли Ахмедов (ортада) Бакудегі баспасөз жиынында. 28 қараша 2019 жыл.

Әзербайжанның басқарушы партиясы парламентті тарату туралы бастама көтеріп, "заң шығару органының қазіргі құрамы партия жетекшісі, президент Ильхам Әлиевтің саясатына сәйкес келмейді" деп мәлімдеді.

28 қарашада Бакуде өткен баспасөз жиынында "Жаңа Әзербайжан" партиясының атқарушы хатшысы Әли Ахмедов "бұл қадам реформаны жоспарлау мен кадрлық өзгеріс бойынша Әлиев саясатын қолдауға бағытталған" деді. Кезектен тыс сайлау биліктің заң шығару тармағын модернизациялап, экономикалық реформаны жеделдетуді көздейді деді Ахмедов.

Әзербайжан президентінің парламентті таратып, кезектен тыс сайлау тағайындауға құқығы бар. Сайлау парламент таратылғаннан кейін үш айдың ішінде өтуі тиіс. Парламентті тарату мәселесі 29 қарашада өтетін парламент отырысында қаралады.

Әзербайжанда парламент сайлауы 2020 жылы қараша айында өтуі тиіс. 2015 жылғы сайлаудың ресми қорытындысы бойынша Ильхам Әлиевтің партиясы жеңімпаз деп танылды. Әзербайжанның барлық оппозициялық партиялары сайлауға бойкот жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG