Accessibility links

TikTok желісі Қытайдағы мұсылмандарды қуғындау жайлы видеоны жойғанына кешірім сұрады


Tik Tok қосымшасының смартфон экранындағы логотипі
Tik Tok қосымшасының смартфон экранындағы логотипі

Қытай компаниясына тиесілі TikTok әлеуметтік желісі Қытайдағы мұсылмандарды қуғындау туралы роликті алып тастағанына кешірім сұрады. "Модеротордың кездейсоқ қателігінен жойылды" деген әлеуметтік желі роликті қалпына келтірген.

Видеоролик жойылмай тұрғанда екі миллионнан астам рет көрілген еді. Роликте 17 жастағы блогер Фероза Әзиз кірпік ұзарту жайында айта келе, Қытайдағы мұсылмандардың жағдайына ойысады, оны Холокостпен теңестіреді.

"Бәріңізге сәлем. Қазір сіздерге кірпікті қалай ұзартуға болатынын көрсетемін. Бірақ одан кейін кірпік ұзартатын құралдарыңызды қоя тұрып, Қытайда не болып жатқаны жайлы білу үшін телефондарыңызды алыңыздар. Кінәсіз мұсылмандар концентрация лагерьлеріне қалай түсетінін, биліктің оларды отбасынан қалай ажырататынын, ұрлайтынын, өлтіретінін, зорлайтынын, шошқа етін жегізіп, алкгогольді ішімдік ішкізетінін, өзге дінді қабылдауға қалай мәжбүрлейтінін көріңіздер. Мұны істемесе өлтіріп тастайды", — дейді Әзиз. Бірақ ол Twitter'інде әлеуметтік желінің уәжіне сенбейтінін білдірді.

Қытайдағы мұсылмандардың басым көпшілігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұрады. 2017 жылы Шыңжаңда сақал өсіріп, бетті жабатын діни киім киюге тыйым салған. Дүниежүзі баспасөзі Қытай мұсылмандары қамалып жатқан саяси лагерьлер туралы ұдайы жазып келеді. Қытай билігі бұл лагерьлерді "кәсіпке үйрететін орталықтар" деп сипаттайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG