Accessibility links

Қырғызстанның Түркиядағы экс-консулы "өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен қамалды


Қырғызстанның Стамбулдағы бұрынғы бас консулы Еркін Сопоков
Қырғызстанның Стамбулдағы бұрынғы бас консулы Еркін Сопоков

Қырғызстанның Стамбулдағы бұрынғы бас консулы Еркін Сопоков 28 қарашада Бішкекте тұтқындалды. Оның автомобилі Қытайдың Шыңжаң өлкесінің бизнесмені өлтірілген жерден табылған еді. Бұл ақпаратты бейсенбіде Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратты. Осыдан екі апта бұрын Сопоков Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің жарлығымен қызметінен босатылған.

Шыңжаңның этникалық ұйғыры Айеркен Саймайти 10 қарашада Стамбулда қастандықпен өлтірілген болатын. Оның есімі Азаттықтың Қырғыз қызметі, OCCRP және қырғыз жаңалықтар сайты Kloop-тың Қырғызстаннан 700 миллион доллардан астам ақшаны заңсыз шығарылғаны жайлы бірлескен зерттеуінде аталған.

22 қарашада Қырғызстан прокуратурасы зерттеу кезінде ашылған ақпараттарды, оның ішінде "белгісіз адамның өлтіремін деген қоқан-лоқысынан кейін Саймайтидің Түркияға қашуға мәжбүр болғаны" жайлы ақпаратты тексеруді бастаған.

Түркия ақпарат құралдары Саймайти өлтірілген жер маңында Қырғызстан консулдығына тіркелген Саймайтидің "жалған нөмірі" бар автокөлігі тұрғанын хабарлаған. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі 12 қарашада ол автокөліктің Сопоковтікі екенін, көлік нөмірі консулдыққа тіркелгенін мәлімдеген.

Қызметінен босап, Қырғызстанға оралған Сопоков "автокөлігін Саймайти мен өзге де адамдардың пайдалануына беріп, өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен қамауға алынған. Оны "заңсыз жолмен байыды" деп те кінәлаған.

Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мәлімдемесінде, кеден қызметінің ықпалды қызметкерінің араласумен пара беру және ақшаны жылыстатуға араласқаны жайлы Саймайтидің журналистік зерттеу барысында мойындауы тексерілетінін мәлімдеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG