Accessibility links

Столтенберг: НАТО-ның әскери шығыны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті


НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 29 қараша 2019 жыл.
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 29 қараша 2019 жыл.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг биыл Еуропадағы әріптестері мен Канаданың әскери шығыны 4,6 пайызға ұлғайғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бес жыл қатарынан әскери шығын үздіксіз көбейіп келеді.

Ол бұл деректі Ұлыбританияда келесі аптада өтетін НАТО саммитінің қарсаңында 29 қарашада айтты. АҚШ НАТО-дағы әріптестерінен одаққа көбірек ақша бөлуді талап етіп, қысым жасап келеді. Батыс ақпарат құралдарының жазуынша, бұған қоса, НАТО мүшелері арасында Иран, Ресей және Сириямен қатынас мәселесінде қарама-қайшылық ұлғайып отыр.

Брюссельде журналистермен кездесу кезінде Столтенберг 2016 жылдан бері Еуропа елдері мен Канаданың қорғанысқа 130 миллиард доллар бөлгенін айтты. 2024 жылға таман бұл көрсеткіш 400 миллиард долларға жетпек. Столтенбергтің айтуынша, НАТО тарихында әскери шығын бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG