Accessibility links

Наразылық жалғасып жатқан тұста Ирак премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді


Бағдадтағы шеру. 28 қараша 2019 жыл.

Иракта жаппай наразылық жалғасып жатқан тұста премьер-министр Әділ Абдул Махди отставкаға кететінін мәлімдеді деп хабарлады "Аш-Шарк Әл-Аусат" басылымы.

Бейсенбі, 30 қарашада наразылық кезінде 60-тан астам адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі - бейбіт тұрғындар. Бұл ақпаратты дәрігерлер мен полиция дерегіне сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.

Эн-Насирия қаласында полиция көпірді жабуға тырысқан наразыларға оқ атып, 46 адам өлді. Наджаф қаласында наразылар Иран консулдығын өртеген, полициямен қақтығыс кезінде 12 адам өлген. Бағдадта парламент ғимаратының алдында полициямен қақтығыс кезінде тағы төрт адам өлген.

Соңғы бір аптада қаза тапқандар саны кемінде 408 адамға жеткен. Ал билік дерегінше, соңғы екі айда шамамен жүз адам өлген.

Иракта үкіметке қарсы шерулер қазан айынан бері жалғасып жатыр. Бағдад және елдің оңтүстігінде қала тұрғындары жемқорлық, жұмыссыздық мәселесін көтеріп, үкімет отставкасын талап еткен. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық кезінде 15 мыңнан астам адам жараланған.

Әділ Абдул Махди бұған дейін үкіметте кадрларды ауыстырып, әлеуметтік реформаны жүзеге асыруға уәде берген. Алайда наразылар тұтас үкіметтің отставкасын талап еткен. Ирактың діни көсемі аятолла Әли Систани 29 қарашада биліктің наразыларды күшпен басу әрекетін айыптады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Әкімдік солтүстіктен оңтүстікке көшкен бес балалы шаңырақты сотқа бермек
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:49 0:00
XS
SM
MD
LG