Accessibility links

Джонсон Трампты өзге елдің сайлау мәселесіне араласпауға шақырды


Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон. Лондон, 28 қазан 2019 жыл.
Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон. Лондон, 28 қазан 2019 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың өзге мемлекеттің сайлау мәселесіне араласпағаны жақсы деп мәлімдеді Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон.

"АҚШ пен Ұлыбритания сияқты жақын одақтас елдер бір-бірінің сайлауына араласпағаны жақсы" деді Джонсон.

Шамамен екі аптадан кейін өтетін парламент сайлауының ертесінде Лондонда НАТО саммиті басталады, оған АҚШ президенті Дональд Трамп та бармақ.

Сауалнама қорытындысы 12 желтоқсанға белгіленген кезектен тыс парламент сайлауында Джонсонның консервативтік партиясы алға озатынын көрсетіп отыр. Премьер-министр халық қолдауымен Ұлыбританияны Еуроодақтан шығару бойынша жоспарын жүзеге асырамын деп үміттенеді.

Қазан айында Трамп оппозициялық лейбористік партияның жетекшісі Джереми Корбин Ұлыбританияның премьер-министрі болып сайланса, елге зиян тигізуі мүмкін, Джонсон Brexit партиясының жетекшісі Найджел Фараджбен одақ құруы керек деп мәлімдеген.

29 қарашада Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігі журналистерге Трамп "өзге елдің сайлауына араласпауы қажет" жайлы "ескертуден" хабардар екенін жеткізді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG