Accessibility links

Желтоқсанда Иран, Ресей, Қытай әскери жаттығу өткізбек


Иранның теңіз әскери күштерінің адмиралы Хоссейн Ханзади.
Иранның теңіз әскери күштерінің адмиралы Хоссейн Ханзади.

Иран теңіз әскери күштері жыл аяғында Ресей және Қытаймен біріккен оқу-жаттығу жиынына қатысады. Бұл туралы 30 қарашада Иранның теңіз әскери күштерінің адмиралы Хоссейн Ханзади айтты. Оның сөзінше, оқу-жаттығу жиыны 22 желтоқсан-20 қаңтар аралығында Үнді мұхитының солтүстігінде өтеді.

Иран өкілі оқу-жаттығу жиыны нақты қай жерде өтетінін ашып айтпады. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, әскери шара Оман шығанағында өтеді.

Иранның Mehr агенттігі Ханзадидің бұған дейін оқу-жаттығу жиынын “әлемге ескерту” деп атағанын жазды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 2 қазанда “үш елдің әскери жаттығуы – терроризм және пираттарға қарсы дайындық” деп мәлімдеді.

Әскери оқу-жаттығу жиыны үш ел мен Батыстың арасында жағдай ушығып тұрғанда өтпек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG