Accessibility links

Фристайлшы Алдабергенова Еуропа кубогында алтын алды


Жанбота Алдабергенова.
Жанбота Алдабергенова.

Фристайлдың акробатика түрінен Финляндияның Рука қаласында өткен Еуропа кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова әйелдер арасындағы жарыста жеңіске жетті. Тағы бір қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева күміс медаль иеленді. Қола жүлдені щвейцариялық Урсина Платц иеленді.

Жанбота Алдабергенова - фристайлдың акробатика түрінен Қазақстан әйелдер құрамасының лидері. Ол - 2017 жылы Алматыда өткен қысқы универсиаданың алтын және қола жүлдегері. Сочи олимпиадасында 6-орын алған.

Қазақстан фристайлшылары енді 7 желтоқсанда Рука қаласында өтетін әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG