Accessibility links

ИМ Лондондағы шабуылды мойнына алды


Лондон полициясы.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Лондон орталығындағы пышақ шабуылын өз мойнына алды. 29 қарашада Лондонда 28 жастағы Усман Хан екі адамды пышақтап өлтіріп, бірнеше адамды жаралаған.

ИМ шабуылды мойнына алғанымен, ешқандай дәлел ұсынған жоқ.

Бұрын терроризм айыбымен сотталған Усман Хан Лондон көпіріндегі адамдарға пышақпен шабуылдаған. Полиция келгенше бірнеше адам оның қолындағы пышақты тартып алған. Оқиға орнына келген полиция Усман Ханды атып өлтірді. Оның белінен шахид белдігінің муляжы табылған. Лондон билігі бұл шабуылды "террорлық әрекет" деп сипаттады.

2012 жылы Усман Хан Лондон қаржы биржасын жармақ болды, террористерге арналған жаттығу лагерін құрды" деген айыппен сегіз жылға сотталған. Ол былтыр қамаудан босап шыққан. Усман Хан бостандыққа шыққан сәтте оппозиция мен Лондон мэрі Садик Хан Ұлыбритания үкіметін сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG