Accessibility links

Иранда наразылық кезінде жүздеген адам қаза тапқан


Ирандағы наразылықтан кейін.

Иранда бензин бағасының қымбаттауына қарсы наразылық акциясы кезінде 208 адам қаза тапты деп мәлімдеді 2 желтоқсанда "Халықаралық амнистия" құқық қорғау ұйымы. Кей дерек бойынша, қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. The New York Times басылымы наразылықтар барысында 450 адам өлген деп жазды.

Үкімет бензин бағасының 200 пайызға қымбаттайтынын мәлімдегеннен кейін Иранда 15 қарашада жаппай наразылық басталған. Алғашқы акцияларды полиция күшпен басып, Иран билігі бір апта интернетті бұғаттап қойды.

"Халықаралық амнистия" ұйымының Таяу Шығыстағы зерттеу бөлімінің директоры Иранның қауіпсіздік күштерін бейбіт азаматтарды өлтірді деп айыптап, халықаралық қауымдастықты қарапайым азаматтардың қанын төккен билік өкілдерін жазалауға шақырған.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, "Халықаралық амнистия" растығына көз жеткізген видеожазбада полицияның қарусыз бейбіт адамдарға оқ атқаны көрінеді. Ақпарат бойынша, қаза тапқандардың туыстарына журналистермен сөйлеспеу және жерлеу рәсімін жасамау туралы ескерту жасалған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Психолог: «Онлайн оқуға алдымен ата-ана дайын болсын»
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:56 0:00
XS
SM
MD
LG