Accessibility links

Азаттық зерттеуінде айтылған кәсіпкер "ақша жымқыруға" қатысы бар астыртын желіні басқарған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Ақша жымқырғанын" мойындап, журналистерге қаржы махинациясы туралы дерек берген, өткен айда Стамбулда атып өлтірілген кәсіпкер курьерлардың астыртын желісін де басқарған. Бұл желі Қырғызстаннан ондаған миллион доллар қаражатты қағаз түрінде алып шыққан.

Мұндай дерек Азаттықтың Қырғыз қызметі, OCCRP және Kloop сайты бірігіп жасаған зерттеудің жаңадан жарияланған бөлігінде айтылады. Бұл зерттеу Шыңжаңнан шыққан этникалық ұйғыр Айеркен Саймаитидің сұхбаты мен құжаттарына негізделген. 10 қарашада оны Стамбулда атып кеткен. Оған дәмханада отырған жерінен оқ атқан.

Оқи отырыңыз: Жымқыру мен қорғаштау. Ірі жемқорлықты әшкерелеген кәсіпкерді атып өлтірді

Саймаити өлмей тұрып журналистерге банк құжаттары мен ішкі есеп кітапшаларды тапсырған. Онда кәсіпкердің Қырғызстанның кеден органы қызметкерлерінің көмегімен елден жүздеген миллион долларды қалай шығарғанын көрсететін құжаттар бар. 21 қарашада жарияланған зерттеу Қырғызстан қоғамында наразылық туғызып, бірнеше қылмыстық істің қозғалуына түркі болды. Қырғызстан билігі есепте баяндалған оқиғаларды зерттеуге уәде берді.

Жаңа зерттеуде 37 жастағы Саймаитидің астыртын курьерлар желісін басқарғаны айтылады. Ондағы дерекке сәйкес, бұл топ мүшелері Қырғызстаннан Түркияға жиі барып, миллион доллар ақшаны өз табысы ретінде тіркеп, жол сөмкесіне салып, әуежайдан өткізген.

Есепте сонымен бірге Саймаитидің қоластында істеген курьерлардың бірі 39 жастағы Хусан Керимовтің қазан айында Манас әуежайында көлігінен өлі күйінде табылғаны айтылған. Көлік багажынан қолы матаулы күйі табылған Керимовтің денесінде соққы іздері болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG