Accessibility links

Францияда полиция наразыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашты


Париждегі наразылық. 5 желтоқсан 2019 жыл.
Париждегі наразылық. 5 желтоқсан 2019 жыл.

Француз полициясы зейнетақы реформасына қарсылық танытқан наразыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Париж бен Нант қалаларында полиция мен наразылар арасында қақтығыс болған. Мұнда "Макрон жаңылды" және "Зейнетақыға тиіспеңдер!" деген жазуы бар плакат ұстаған мыңдаған адам көшеге шыққан. Парижде наразылар жүк көлігін аударып, өртегеннен кейін полиция газ шашқан.

5 желтоқсанда Францияда жалпыхалықтық ереуіл басталды. Оған мұғалімдер, авиадиспетчерлер, дәрігерлер, полицейлер мен сот қызметкерлері қосылды. Парижде қоғамдық көлік қызметкерлері наразылыққа шыққандықтан метроның 11 станциясы жұмыс істемейді, дүкен, банктер мен мейрамханалар жабылған.

Зейнетақы реформасын жүзеге асыру - президент Эммануэль Макронның сайлау алдында берген уәделерінің бірі. Реформа бойынша, зейнетақыны есептеу приниципі өзгеруі тиіс - Франция азаматтарының 62 жаста зейнетке шығу құқығы бар, бірақ зейнетақыны толық алу үшін 64 жасқа дейін жұмыс істеуге тура келеді. Үкімет реформа жүргізуді 2020 жылы аяқтауға уәде берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG