Accessibility links

БАҚ: Иранда газ жарылып, кемінде 11 адам қаза болды


Жарылыс болған неке қию залы.
Жарылыс болған неке қию залы.

Иранның ақпарат құралдарының жазуынша, 5 желтоқсанда Курдистан провинциясында газ жарылып, кемінде 11 адам өлген, ондаған адам жараланған. Mehr жартылай ресми ақпарат агенттігі жарылыстың Саккез қаласында неке қию залында болғанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында бес бала болған.

Оқиға орнына құтқару командасы және жедел жәрдем көліктері жіберілген. Жарылыс туралы өзге ақпарат айтылмайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG