6 желтоқсанда АҚШ пен Иран тұтқын алмасты. Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран АҚШ-қа америкалық Сюэ Ванды бергенін, ал Тегеран Вашингтон Иран азаматы Массуд Солейманиді босатқанын хабарлады.
Сюэ Ван "шпионаж" айыбымен Иранда үш жыл қамауда отырған. Ал Солеймани 2016 жылы Чикаго әуежайында ұсталған.
Тұтқын алмасуды Швейцария ұйымдастырды. Процесс Цюрихте болды. АҚШ пен Иран арасында дипломатиялық қарым-қатынас жоқ. Ал Швейцария Тегеранда АҚШ-тың дипломатиялық мүдделерін қорғайды.
Сюэ Ван – Принстон университетінің аспиранты. Ол 2007 жылы Иранда он жылға сотталған. Ғалымның таныстары ол Тегеранға диссертацияға материал жинауға барғанын, ешқандай құпия ақпарат іздемегенін айтады. Иран ғалымы Солейманиді Вашингтон "санкцияны бұзып, АҚШ-тан биологиялық материал алып кетпек болды" деп айыптаған.
ПІКІРЛЕР