Accessibility links

Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов аргентиналық қарсыласын жеңді


Қазақстандық боксшы Садриддин Ахметов (сол жақта) жекпе-жектерінің бірін өткізіп жатқан сәт.
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахметов (сол жақта) жекпе-жектерінің бірін өткізіп жатқан сәт.

Қазақстандық 21 жастағы кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде аргентиналық 25 жастағы Хосе Антонио Вилялобосты жеңді. Он раундқа жоспарланған жекпе-жектің 7-раундында Ахмедов қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осы жеңісінен кейін Ахмедов WBC (World Boxing Council) тұжырымының “бірінші орта салмақтағы жастар арасындағы әлем чемпионы” атағын қорғап қалды.

Оқи отырыңыз: "Мақтағаннан чемпион болып кетпеймін". Ахмедовпен сұхбат

Қазақстандық боксшы осымен кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, 11-рет жеңіске жетіп отыр. Ол 10 кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Ал аргентиналық боксшы үшінші жекпе-жекте жеңілді (12 жеңіс,5 тең, 3 жеңіліс, 7 кездесуде нокаутпен жеңген).

  • Қазақстанның Жетісай қаласында туған Садриддин Ахмедов 2016 жылы әуесқой бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында 69 келіде алтын алған.
  • 2017 жылы күзде кәсіпқой боксқа ауысуға шешім қабылдап, 2018 жылы Канададағы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасасқан. Бұл компанияны әлемдегі танымал промоутерлердің бірі Камил Эстефан басқарады.
  • Садриддин Ахмедов қазір Канаданың Монреаль қаласында жаттығады. Бапкері – Марк Рэмси.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG