Accessibility links

Time журналы Грета Тунбергті "Жыл адамы" деп таныды


Greta Thunberg is Time's 2019 Person of the Year

Time журналы 16 жастағы экобелсенді Грета Тунбергті "Жыл адамы" деп атады. Швед оқушысы Тунберг саясаткерлердің климаттың өзгеруі мәселесіне мән беруі үшін өткізілген акциялардың ұйымдастырушысы ретінде танылған.

Журнал редакциясы Тунбергтің климаттың өзгеруіне қарсы күрескен еңбегін ғана емес, өзге елдердегі қатарластарына үлгі болып, оларды қоғамдық іспен айналысуға итермелегенін да атап өткен.

Грета Тунберг өткен жылы оқушылар ереуілін ұйымдастырып, көпшілікке таныла бастады. Оның бастамасымен Швецияда оқушылар жұма күні сабақтың орнына климаттық өзгерістермен күреске шақыратын акция өткізген. Биыл бұл қозғалыс дамып, әлемнің ондаған елінде қолдау тапты. Ірі көлемде өткен табиғатты қорғау акцияларына миллиондаған адам қатысты.

Қыркүйекте Тунберг Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның климат саммитінде сөз сөйлеп, саясаткерлерді болашақ ұрпақтың игілігін ойламай, "балалығымды ұрладыңдар" деп айыптаған. Бұдан кейін Тунбергті мақтағандар да, сынағандар да болды. АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, Бразилия басшысы Жаир Болсонару оны сынады. Ал жас экобелсендіні қолдағандар арасында АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель бар. Қазір Тунберг Мадридте климат саммитіне қатысып жатыр. Ол бұл жолы Америкадан Еуропаға катамаранмен жүзіп келді. Экобелсенді ұшақпен ұшудан бас тартып жүр.

"Балалығымды ұрладыңыздар!" Климат мәселесін көтеріп жүрген оқушының айтқаны
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00

Time журналының "Жыл адамы" үміткерлерінің тізімінде АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси, АҚШ президенті Дональд Трамп, Трампқа импичмент жариялау ісіне түрткі болған шағымды түсірген арнайы қызмет өкілдері және Гонконгтағы қарсылық акцияларының қатысушылары да болған.

Басылым өткен жылы әртүрлі елден жиналған бір топ журналисті жыл адамы деп атаған.

Time журналы әлем оқиғаларына ықпал еткен тұлғаларға мұндай атақты 1927 жылдан бері беріп келеді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG