Accessibility links

Сенат Байқоңырдағы жердің біраз бөлігін кері қайтаратын заң қабылдады


Байқоңыр кешені және оның маңында жайылып жүрген жылқылар. Көрнекі сурет.

12 желтоқсанда Қазақстан сенаты Ресей жалға алған Байқоңырдағы 11,6 мың гектар жерді кері қайтаратын заң қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Ресей арасында 1994 жылы 10 желтоқсанда қол қойған Байқоңыр кешенін жалға алу туралы келісімге өзгеріс енгізіледі. Заң барлық деңгейде талқыланған, енді Қазақстан президентіне қол қоюға жіберіледі.

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың айтуынша, төрт жер телімі "арендадан" шығарылмақ. Оның айтуынша, 1700 гектардан астам екі жер аумағы Қармақшы ауданы Төретам ауылын кеңейту үшін пайдаланылады. 10 мың гектарға жуық жер "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық дәлізі (4830 шақырым) мен Алматы - Мәскеу темір жолы және "Бейнеу - Шымкент" (5120 шақырым) газ құбыры жобасы үшін пайдаланылмақ.

Айдарбек Сапаровтың сөзіне қарағанда, Ресейге жалпы 650 мың гектар жер жалға берілген. 12 мың гектар жер жалдан шығарылса да, жалға алу құны - 118 миллион доллар өзгермейді.

Ресей Қазақстанға тиесілі Байқоңырды 1994 жылдан бастап, 2050 жылға дейін жалға алған. Байқоңыр қаласында 77 мыңнан астам адам тұрады. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, 60 пайызы - Қазақстан азаматы, шамамен 37 пайызы - Ресей азаматы. Байқоңыр қаласы басшысы Ресей және Қазақстан президенттерінің жарлығымен тағайындалады.

  • 16x9 Image

    Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ

    2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. "КТК-7"  телеарнасында тілші  (2003-2005), "Қазақстан-Павлодар" облыстық телеарнасында редактор, шеф-редактор (2005-2013), "Астана" телеарнасы Павлодар облысындағы меншікті тілшісі (2013-2019) болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бері Азаттықтың Нұр-Сұлтан қаласындағы тілшісі.  

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Карантинде жатқандар "жағдай жасалмағанына" наразы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00
XS
SM
MD
LG