Accessibility links

Апелляция Қытайға оқуға жіберетін компанияның шағымын қанағаттырмады


12 желтоқсанда Алматы қаласы сотының апелляциялық алқасы "YourChina" және "ChinaStudy" компанияларының блогер Нұрсұлтан Сағындықтың үстінен түсірген шағымын қарап, бірінші инстанцияның шешімін күшінде қалдырды. Бұл туралы "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы хабарлады.

Блогер Нұрсұлтан Сағындық Youtube желісіне Қытайға барып оқу жайлы ақпараттық видеоролик жариялайды. Ол ролигінде Қытайға оқуға жіберетін қазақстандық "YourChina" және "ChinaStudy" жайлы да айтады. Екі компанияның жетекшісі роликтегі ақпараттарды "жала жабу" деп, сотқа шағымданған. Бостандық аудандық соты компаниялардың шағымын қанағаттандырмаған. Кейін сот апелляциялық шағым түсірген.

12 желтоқсандағы сот отырысында апелляциялық алқа Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Қазақстан заңында "жала жабу" және "көрiнеу жалған ақпарат тарату" қылмыс болып саналатыны жазылған. Көптеген шенеуніктер мен компаниялар ақпарат таратқан тілшілер мен блогерлерді осы баппен жиі сотқа беріп, моральдық шығын талап етеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда ондаған азаматтық белсенді, журналистер, блогерлер мен түрлі діни қауым өкілдері Қылмыстық кодекстің 174, 274 және 130-баптары ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру", "Көрінеу жалған ақпарат тарату", және "Жала жабу") бойынша айыпты деп танылып, сотталған.

Құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар Қазақстан билігін Қылмыстық кодекстен "Араздықты қоздыру" және "Жала жабу" бабын алып тастауға бірнеше рет шақырған. Сарапшылар бұл баптар журналистер жұмысына кедергі келтіреді деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG