Accessibility links

"Путин Конституцияны жерледі" деп баннер ілмек болған белсенділер ұсталды


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

12 желтоқсанда Мәскеуде Фрунзе алаңында бірнеше оппозиция белсендісі ұсталды. Олар "Путин Конституцияны жерледі" деген жазуы бар баннерді ілмек болған. Алайда оларды он шақты полицей қоршап алып, олар белсенділерді сөмкелерінен плакатты шығарып, жерге тастауға мәжбүрлеген.

"ОВД-Инфо" дерегінше, ұсталғандардың арасында Николай Игроков, Дарья Полюдова, Кирилл Котов, Сергей Гуреев және журналист Юрий Тимофеев бар. Оларды полиция ұстап, бөлімшеге алып кеткен. Оларға адвокат Леонид Соловьев барған. Ұсталғандарға қандай айып таққаны әзірге белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG