Accessibility links

Алматыда зейнеткер қымбатшылыққа байланысты наразылық білдірді


Бағаның қымбаттауына наразылық білдріп шыққан зейнеткер Хиуаз Сазанбаева. Алматы, 13 желтоқсан 2019 жыл.

13 желтоқсанда Алматы тұрғыны Хиуаз Сазанбаева "Республика" алаңында қымбатшылыққа байланысты наразылық білдірді. 68 жастағы зейнеткер экономист болып 40 жыл еңбек еткен. Қазір 58 мың зейнетақы алады. "Қазіргідей қымбатшылық кезде мұндай ақшамен күн көру мүмкін емес" дейді.

- Күнде баға өседі, әлі үндемейміз. Неге қорқады? Бізді машинаға тығатын болғасын қорқады. Сондықтан шықпайды. Ал мен шықтым, мені-ақ мәшінеге апарып тықсыншы, мен-ақ айтайын бәрін. Мына бағаларды көріп тұрып үндемей қалу күнә болады. Халықтың бәрінің дәріге ақшасы жоқ, тамаққа ақшасы жоқ, үйлерінде қырқысып, балалары болса қаңғып кетті. Баға өсіру деген тонаудың бір түрі, - дейді зейнеткер.

Алаңда шамамен жарты сағат тұрған зейнеткерге ары-бері өткен кей тұрғындар тоқтап, мән-жайды сұрады. Алаңда полиция я әкімдік өкілдері көрінбеді. Сәлден кейін зейнеткер де кетіп қалды.

13 желтоқсанда таңертең Нұр-Сұлтанда өткен үкімет отырысында сауда және интеграция Бақыт Сұлтанов "азық-түліктің 66 түрі бойынша бағаның өскені байқалды, жергілікті атқару органдары бағаны ұстап тұру міндетін орындамай отыр" деп мәлімдеген. Ол әкімдерге бұл бойынша қосымша тапсырма берілгенін айтқан.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бір жыл ішінде ең қажетті азық-түлік түрлерінің бағасы 12 пайызға қымбаттаған. Қымбатшылық әсіресе Алматы (15 пайыз), Атырау (14,9 пайыз), Нұр-Сұлтан (14,2 пайыз) қатты білінген.

Оқи отырыңыз: "Нан орнына картоп жейміз". Ұн неге қымбаттады?

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

  • 16x9 Image

    Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ

    2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. "КТК-7"  телеарнасында тілші  (2003-2005), "Қазақстан-Павлодар" облыстық телеарнасында редактор, шеф-редактор (2005-2013), "Астана" телеарнасы Павлодар облысындағы меншікті тілшісі (2013-2019) болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бері Азаттықтың Нұр-Сұлтан қаласындағы тілшісі.  

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Экономист: Дағдарыс ұзаққа созылып, жұмыссыздар көбеюі мүмкін
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG