Accessibility links

Сыртқы істер министрлігі Египеттегі елшілік қызметкерінің қазасын растады


Египет полициясы.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қаза болғанын растады. Бұл туралы 17 желтоқсанда министрлік өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Жолдасовтың жақындағы оның Каир қаласында қаза тапқанын айтқан. Туыстарының естуінше, "оның денесі өзі тұрып жатқан үйдің алдынан табылған. Арқасы қанаған, мойнында арқан болған". Жолдасовтың туыстары "ол өз-өзіне қол салды" деген ақпарат алғандарын, мұнымен келіспейтіндерін айтқан.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, қазір Египет прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Министрлік өкілдері тергеуге қатысу үшін Египетке кеткен.

Министрлік 18 желтоқсанда елшілік қызметкерінің қазасына қатысты толық ақпарат беру үшін брифинг өткізбек.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG