Accessibility links

Қостанай облысында өрттен төрт адамның қаза тапқаны хабарланды


Қостанай облысының картасы.

Қостанай облысы Торғай елді мекенінде үйде өрт болып, кемінде төрт адам қаза тапты, бірнеше адам жараланды деп хабарлады Qostanai.media сайты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 16 желтоқсанға қараған түні үйден өрт шыққан. Qostanai.media сайтының жазуынша, өрт орнынан 1938 және 1985 жылғы екі әйелдің мәйіті табылған. Екі сәби опат болған.

Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілі Азаттыққа 15 желтоқсанда түнгі сағат 23.00 шамасында "екі отбасы тұрған үйде газ баллоны жарылып, өрт шыққанын" айтты.

"Зардап шеккендер бар, қаза болғандар да бар" деді әкімнің баспасөз хатшысы. Қостанай облысының төтенше жағдай департаменті сәрсенбі күнгі брифингте оқиғаның мән-жайы айтылады деді. Денсаулық сақтау басқармасынан жауап ала алмадық.

Аймақтық сайттардың хабарлауынша, өрттен кейін 33 жастағы ер адам мен 1997 жылғы қыз ауруханаға түскен. Олардың денесінің 45-40 пайызы күйген. 2009, 2011 және 2014 жылғы үш бала екінші дәрежедегі күйік алған. Олар Арқалықтағы ауруханада жатыр.

БАҚ-тың жазуынша, өрт басталғаннан кейін үйдің төбесі құлаған. Qostanai.media-ның жазуынша, оқиға орнынан бүлінген газ баллоны табылған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Карантинде жатқандар "жағдай жасалмағанына" наразы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00
XS
SM
MD
LG