Accessibility links

Ақтөбеде "бала зорлады" деп күдікке ілінген адам ұсталды


Полиция көлігі. Көрнекі сурет.
Полиция көлігі. Көрнекі сурет.

Ақтөбе полициясы "бала зорлады" деп күдікке ілінген ер адамды уақытша тергеу изоляторына қамады. Бұл туралы Азаттыққа 18 желтоқсанда Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің жасы - 21-де. Ақтөбе облысында туған. Бұрын сотталмаған. Тергеу орындары оны Қылмыстық кодекстің 120-бап ("Зорлау") 4-тармағы мен 121-бап ("Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық") 4-тармағы бойынша айыптап отыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті күдіктіні 18 желтоқсанға қараған түні қолға түсіргендерін хабарлады. Полицияның мәліметінше, аса ауыр қылмысты ашумен арнайы жедел-тергеу тобы айналысқан. Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, күдіктіні қамауға әзірге санкция берілмеген.

Ақтөбе полициясы "бала зорлаған" күдіктіні алты тәуліктен кейін тауып отыр. Өткен аптаның ортасында Ақтөбеде 9 жастағы оқушы қызды бір ер адамның зорлағаны туралы ақпарат тараған. Кейінірек Ақтөбе полициясы күдіктіні іздеп жатқанын, Нұр-Сұлтаннан ішкі істер министрлігінен арнайы топ келгенін айтқан.

Жергілікті денсаулық сақтау департаментінің айтуынша, "зорланған бала" 12 желтоқсаннан бері Ақтөбе облыстық клиникалық балалар ауруханасында. 2010 жылы туған пациенттің қазіргі жағдайы тұрақты.

Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің дерегіне сүйенген жергілікті БАҚ-тың жазуынша, 2019 жылы жеті айда "Зорлау" бабы бойынша 938 қылмыстық іс қозғалып, сотқа тек 179-ы ғана жеткен. "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті" бойынша 291 іс қозғалып, сотқа 126 іс жеткен.

Қазір парламентте талқыланып жатқан "Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында зорлау қылмысына жазаны күшейту қарастырылған, бала зорлағандарды 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бірақ кейбір сарапшылар жазаны күшейтумен мәселе шешілмейді деп санайды.

Видео: Зорлау қылмысына жаза қатайту мәселені шеше ме?​ (Қыркүйек, 2019 жыл).

Зорлау қылмысына жаза қатайту мәселені шеше ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:15 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG