Accessibility links

Ташкентте метроның құрылыс алаңында топырақ құлап, туннельді басып қалды


Ташкент метросының құрылыс алаңы.

18 желтоқсанда Ташкентте метроның Юнусабадтағы ашық құрылыс алаңында шамамен 250 шаршы метр жер опырылып құлап, туннельді басып қалды. Жергілікті сайттардың дерегіне сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, іздеу-құтқару жұмысы кезінде бірнеше мәйіт табылған. Бастапқыда Өзбекстанның ресми орындары "оқиғадан ешкім зардап шекпеді" десе, кейінірек бес адамның өлгенін растады.

Ақпарат бойынша, топырақтың құлауына соңғы бірнеше күн бойы тынымсыз жауған жаңбыр себеп болған. Туннельді жаңбырдан қорғау үшін құрылысшылар бетон науа орнатқан. Осы науа арқылы су сыртқа қарай шығуы тиіс болған. Алайда жаңбыр қатты жауғандықтан су ішке кіріп, туннельді лай топырақ басып қалған.

Өзбекстанның әділет министрлігі оқиғаға байланысты оның себебі мен салдарын зерттеу үшін үкімет комиссиясы құрылғанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG