Accessibility links

Путиннің баспасөз конференциясы алдында саяси тұтқындардың туыстары пикетке шықты


"Саяси қуғын-сүргінге қарсы аналар" қозғалысының мүшесі Наталья Конон. Мұрағаттан алынған сурет.
"Саяси қуғын-сүргінге қарсы аналар" қозғалысының мүшесі Наталья Конон. Мұрағаттан алынған сурет.

19 желтоқсанда "Саяси қуғын-сүргінге қарсы аналар" қозғалысының мүшелері Мәскеудегі Халықаралық сауда орталығы алдында жалғызадамдық пикет өткізді. Мұнда бүгін Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы баспасөз конференциясын өткізеді.

"Новая газета" басылымының жазуынша, аналардың қолында журналистерге арнап жазылған плакаттар бар: "Президенттен сұраңыз: Онымен кездесуге талпынған аналардың аштық жариялағанын біле ме екен?", "Ресей саяси тұтқындарды өлтіріп жатыр. Журналистер, неге үндемейсіңдер?".

Владимир Путиннің баспасөз конференциясы Мәскеу уақытымен күндізгі сағат 12-де басталуы тиіс (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де). 1700 журналистке аккредитация берілген.

Былтыр және алдыңғы жылдары журналистердің көбі спикердің назарына тезірек ілініп, президентке сұрақ қою үшін ашық түсті киім және ерекше бас киімдер киіп, қолдарына жұмсақ ойыншықтар мен ірі плакаттармен келіп қатысқан. Биыл Кремль "фотографтар мен операторлардың жұмысына кедергі келтірмес үшін" көлемі А3 форматынан аспайтын плакаттарды ғана ұстауға рұқсат берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG