Accessibility links

Ресей мен Украина газ тасымалдаудың негізгі шарттарымен келісті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей мен Украина 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ тасымалдаудың негізгі шарттарымен келісті. Бұл ақпаратты Еурокомиссияның вице-президенті Марош Шефчович Берлиндегі баспасөз жиынында айтты. Германия мен Еуроодақ өкілдерінің қатысуымен болған кездесу тоғыз сағатқа созылды деп хабарлады dpa агенттігі.

Ресейдің энергетика министрі Александр Навактың сөзінше, тараптар болашақ келісімнің шарттары жазылған хаттаманы әзірлеген. Украинаның энергетика министрі Алексей Оржель хаттама жайлы ақпаратты растады.

Шефшовичтің сөзіне қарағанда келісім-шарт 20 желтоқсанда Мәскеу мен Киевте талқыланбақ. Еурокомиссияның вице-президенті жыл соңына дейін келісімге қол қойып үлгеретін шығармыз деп үміт білдірді.

Dpa агенттігінің жазуынша, тараптар Украина арқылы Еуропаға тасымалданатын газ көлемі мен болашақ келісімнің мерзімі бойынша келісімге келген. Бірақ әзірге оның жай-жапсары айтылмайды.

Қазіргі келісім-шарттың мерзімі 2019 жылы 31 желтоқсанда аяқталады. Бұл келісімді ұзарту мәселесін Ресей мен Украина басшылары Парижде ең алғаш рет кездескен кезде де талқылаған, бірақ түбегейлі келісімге келе алмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG