Accessibility links

Британ парламенті Брекзит туралы келісімнің жаңа нұсқасын қабылдады


Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон.

Британ парламентінің қауымдар палатасы жұма, 20 қыркүйекте Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Жоба премьер-министр Борис Джонсонның Еуроодақпен жасасқан келісімі негізінде жасалған.

Заң жобасының қазан айында Джонсон ұсынған нұсқасынан айырмашылығы бар. Ол кезде заң жобасына тосқауыл қойылып, ақырында кезектен тыс парламент сайлауы белгіленген. 12 желтоқсанда өткен парламент сайлауында Джонсон жетекшілік ететін консерваторлар жеңіске жетті.

Құжаттың жаңа нұсқасына 358 депутат қолдап дауыс берді, 234 депутат қарсы болды. Оппозиция өкілдері заң жобасын өткізбеуге шамасы жетпейтінін мойындап, құжаттағы ең даулы сәттерге ғана назар аударды.

Заң жобасы 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін Ұлыбританияны Еуроодақтан шығаруды көздейді, одан кейін жаңадан сауда-саттық туралы келіссөздер басталады. Оппозиция тараптар келесі жылдың соңына дейін мұны жасап үлгермейді десе, Джонсон үлгеретініне сенімді. Брекзит туралы заң жобасы үшінші оқылымда да қаралуы керек, содан кейін лордтар палатасына жіберіледі.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG