Accessibility links

Ресейде арнайы жасақ оқушыларға тұтқындарды қалай ұру керектігін көрсетті


Жазаны орындау федералдық қызметінің өкілдері жаттығу кезінде. 2015 жыл.
Жазаны орындау федералдық қызметінің өкілдері жаттығу кезінде. 2015 жыл.

Ресейдің Челябинск облысы Златоуст қаласында Жазаны орындау федералдық қызметінің арнайы жасақ өкілдері жергілікті №21 мектеп оқушыларына түрмедегі ереуілді басып, қылмыскерлерді қалай ұру керектігін көрсетті.

Арнайы жасақ өкілдері ұйымдастырған "шоуды" жоғары сыныптармен қатар орта, бастауыш сынып оқушылары да көрді. Қолдарына қалқан және резеңке таяқ ұстаған арнайы жасақ өкілдері спортзалда бір қатарға тізіліп тұрды. Командир "Таяқты көтеріп, ұрыңдар" және "Таяқты төмен түсіріп, ұрыңдар" деп команда берген кезде олар бұйрықты бұлжытпай орындап отырды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оған №25 түзеу мекемесінің жылдам жауап беру тобы қатысқан. Челябинск облысының Жазаны орындау федералдық қызметі шоудың "керемет" болғанын айтып, бұл шараның "жастарды патриоттық тәрбиелеу" бағдарламасы аясында өткенін жеткізді.

Златоуст қаласының білім беру басқармасының айтуынша, қалада түрме мен тергеу изоляторы болғандықтан мектеп оқушыларына мұндай шоу алғаш рет көрсетіліп отырған жоқ.

Бұған дейін Татарстанда Новотроицк ауылында Росгвардия жасақтары тоғызыншы сынып оқушыларының қатысуымен митингіні басу бойынша жаттығу өткізген. Жаттығу кезінде оқушылар наразылардың рөлін ойнаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG