Accessibility links

Қырғызстанда Айтматованың күйеуінің ісін ішкі істер министрлігіне жібереді


Сырғақ Кенжебаев. Видеодан алынған скриншот.

Қырғызстанда бұрынғы депутат, "Умут-2020" қозғалысының негізін қалаушы Шырын Айтматованың күйеуінің үстінен қозғалған іс бас прокуратураға жіберілді. Прокуратура істі ішкі істер министрлігіне беру мәселесін шешпек. Бұл ақпаратты Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Кенжебаев алаяқтық бабы бойынша күдікке ілінген. Оның үстінен Қытай азаматы Мотайлиф Маймайтяминг сотқа шағым түсірген. Шағымданушының айтуынша, ол Сырғақ Кенжебаевпен бірге "Қауіпсіз қала" жобасының екінші кезеңінде Shenzhen Sunwin Intelligent Co. Ltd. компаниясының мүддесін қорғап, 600 мың доллар көлемінде ақша табуы тиіс болған. Маймайтямингтің айтуынша, "Кенжебаев 350 мың доллар ақша мен төлқұжатын тартып алып, бұған қоса 250 мың доллар бопсалаған".

19 желтоқсанда Шырын Айтматова Twitter-дегі парақшасында күйеуі Сырғақ Кенжебаевтың Алматы әуежайынан жоғалып кеткенін хабарлаған. Кейінірек оны Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігі комитеті ұстағаны анықталған еді.

Ал ішкі істер министрлігі Сырғақ Кенжебаевты 2013 жылғы іске байланысты тергейтінін хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, Бішкек тұрғыны Виктор Гавришев ақпарат құралдары арқылы Кенжебаевты айыптап, Бішкектегі полиция тергеушісімен бірге оның ұлына қарсы контрабанда бойынша істі ұйымдастырды деп мәлімдеген. Бұл іс бойынша Гавришевтің ұлы сотталған.

21 желтоқсанда Первомай аудандық соты Кенжебаевты екі айға қамау туралы шешім шығарған.

Сырғақ Кенжебаев - 37 жаста. Бұрын Қырғызстандағы сақтандырушылар қауымдастығын басқарған. Одан кейін инвестицияны қорғау агенттігі бастығының орынбасары болды. Әділет министрлігінің сайтындағы дерекке сәйкес, ол бес-алты компанияға жетекшілік етеді.

Жемқорлық туралы жазып жүрген Шырын Айтматова күйеуінің қамалуын "саяси қуғын-сүргін" деп атап, өзінің белсенділігімен байланыстырады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG