Accessibility links

Путин мен Шойгудың қызы спорт жөніндегі үкімет кеңесінің құрамына кірді


Акробаттық рок-н-ролл билеп жатқан Катерина Тихонова (сол жақта).
Акробаттық рок-н-ролл билеп жатқан Катерина Тихонова (сол жақта).

Ресей президенті Владимир Путиннің қызы Катерина Тихонова спорт жөніндегі жаңа үкімет кеңесінің құрамына кірді. "Иннопрактика" қорының жетекшісі акробаттық рок-н-ролмен айналысқан.

Үкімет сайтындағы деректе Тихонова студенттер, аспиранттар және жас ғалымдардың ғылыми жобаларымен айналысатын қордың бас директоры ретінде көрсетілген. Кеңес құрамы осы аптада жасақталды, ол спортпен байланысты "қоғамдық маңызды бастамалар бойынша ортақ шешім шығарумен" айналыспақ.

Кеңесті үкімет жетекшісінің орынбасары Ольга Голодец басқарады. Кеңеске Тихоновадан бөлек, бірнеше федералдық шенеунік, мәнерлеп сырғанау бойынша әлем чемпионы Ирина Слуцкая, мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушы Татьяна Тарасова, қорғаныс министрі Сергей Шойгудың қызы Ксения Шойгу және өзге адамдар кірген.

2014 жылдан бері Катерина Тихонованы Ресей президенті Владимир Путиннің қызы деп атайды, бірақ Путин бұл ақпаратқа байланысты түсініктеме бермеді.

  • 2014 жылы Тихонова Ресейде акробаттық рок-н-ролл бойынша өткен чемпионатта екінші орын алған. Ол жарысқа Мәскеудің Хамовники ауданындағы мектеп атынан қатысқан. 2016 жылы "Дождь" телеарнасы мектепте спорттың осы түріне байланысты аумағы тікұшақ қонатын алаңмен пара-пар жаңа орталық салынады деп хабарлаған. Нысанның құрылысы 2019 жылдың соңына дейін бітуі тиіс болған.
  • Ксения Шойгудың "кедергімен жүгіру" бойынша ұйымдастыратын жартылай марафонын мемлекеттік компаниялар мен Ахмат Қадыров қоры қаржыландырады деп жазды RussianGate басылымына сілтеме жасаған "Досье" орталығы. Ақпарат бойынша министрдің 28 жастағы қызы қазір Газпромбанкте жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG