Accessibility links

Дәрігерлер: Облыстық ауруханаға түскен алты адамның бесеуінің жағдайы ауыр


Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақ. 27 желтоқсан 2019 жыл.
Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақ. 27 желтоқсан 2019 жыл.

"Ауруханаға түскен алты адамның бесеуінің жағдайы ауыр. Олар реанимацияда жатыр. Бәрі - ересек адам. Бірнеше операцияны бастадық" деп хабарлады №1 облыстық аурухананың дәрігерлері таңертең Азаттық тілшісіне. Олардың айтуынша, балалар басқа ауруханаға жеткізілген.

Ал №4 қалалық клиникалық ауруханаға 16 адам жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайына байланысты ақпарат бермеді. Ауруханада жүрген Азаттық тілшісінің айтуынша, мұнда жараланған адамдардың туыстары жүр.

27 желтоқсан күні таңертең Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады.

Алматы әуежайының хабарлауынша, №2100 рейспен Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақпен байланыс жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:05 кезінде үзілген. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 100 адам - 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

"Bek Air әуе компаниясының ұшағы аэродромнан аулақта құлады. Аман қалғандар бар. Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр" деп хабарлады әуежай баспасөз қызметі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG