Accessibility links

Әкімдік: Ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 15-ке жетті


Алматы маңына құлаған ұшақ. 27 желтоқсан 2019 жыл.
Алматы маңына құлаған ұшақ. 27 желтоқсан 2019 жыл.

"Ұшақ апатынан 15 адам қаза болды" деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев.

27 желтоқсан күні таңертең Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Ұшақта 100-ге тарта адам болған: 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі. Қалалық әкімдік ұшақта болған жолаушылардың тізімін жариялады.

Төтенше жағдай комитеті таңертең аты-жөні анықталған апаттан қаза болғандардың тізімін жариялаған:

  1. Николай Астанов 1971 жылы туған;
  2. Хайдаров Р. 1940 жылы туған;
  3. Бауыржан Қалиев 1974 жылы туған;
  4. Базархан Карибаев 1974 жылы туған;
  5. Марат Мұратбаев 1961 жылы туған;
  6. Абай Нұрбаев 1982 жылы туған;
  7. А.Исина

Кейінірек қаза болғандардың арасында Informburo.kz сайтының редакторы Дана Круглова да болғаны хабарланды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, 66 адам ауруханаға жеткізілген, 50 адам ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер таңертең №1 Алматы облыстық ауруханасына түскен алты адамның бесеуінің жағдайы ауыр екенін айтқан еді.

Әлеуметтік желіде белсенділер зардап шеккендерге көмектесу үшін тұрғындарды қан тапсыру орталығына барып, қан өткізуге шақырып жатыр. Жергілікті билік қаза болғандардың отбасына көмек беруге уәде берді.

Алматы әуежайының хабарлауынша, №2100 рейспен Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақпен байланыс жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:05 кезінде үзілген.

Талғар аудандық полиция басқармасына "Гүлдала елді мекенінің маңына ұшақ құлағаны" туралы ақпарат таңертеңгі сағат 7:30-да түскен. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Fokker-100 ұшағы "ұшу кезінде биікке көтеріле алмай" екі қабатты тұрғын үйге соғылған. Премьер-министрдің тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG