Accessibility links

Денсаулық сақтау басқармасы: Барлығы 50 адам ауруханаға жатқызылды


Зардап шеккендердің тізімінен туысын іздеп жатқан адам. Алматы қалалық № 4 клиникалық ауруханасы.
Зардап шеккендердің тізімінен туысын іздеп жатқан адам. Алматы қалалық № 4 клиникалық ауруханасы.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев ұшақ апатынан зардап шеккен 50 адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

- Жедел медициналық бригадалары 66 адамды ауруханаға жеткізген. Соның 50-і ауруханаға жатқызылды. №4 қалалық клиникалық ауруханаға - 19 адам, қалалық жедел жәрдем ауруханасына - 13 адам, орталық қалалық ауруханаға үш адам жатқызылды. Жедел балаларға көмек көрсету орталығына 9 бала жеткізілген. Алматы облыстық көпсалалы ауруханаға 6 адам жатқызылды. Олардың барлығы қажетті емдеу шараларымен қамтылып отыр, - деді Тілеухан Әбілдаев 27 желтоқсанда Алматы әуежайында өткен брифинг кезінде.

Оның айтуынша, қажет болған жағдайда республикалық санавиация арқылы астанадан білікті дәрігерлер шақырылатынын айтты. Таңертең дәрігерлер №1 Алматы облыстық ауруханасына түскен алты адамның бесеуінің жағдайы ауыр деп хабарлаған еді.

27 желтоқсан күні таңертең Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Ұшақта 100-ге тарта адам болған: 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі. Соңғы ақпарат бойынша, 15 адам қаза болған. Алматы қалалық әкімдігі ұшақта болған 93 адамның тізімін жариялады.

Төтенше жағдай комитеті таңертең аты-жөні анықталған апаттан қаза болғандардың тізімін жариялаған:

  1. Николай Астанов 1971 жылы туған;
  2. Хайдаров Р. 1940 жылы туған;
  3. Бауыржан Қалиев 1974 жылы туған;
  4. Базархан Карибаев 1974 жылы туған;
  5. Марат Мұратбаев 1961 жылы туған;
  6. Абай Нұрбаев 1982 жылы туған;
  7. А.Исина

Талғар аудандық полиция басқармасына "Гүлдала елді мекенінің маңына ұшақ құлағаны" туралы ақпарат таңертеңгі сағат 7:30-да түскен. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Fokker-100 ұшағы "ұшу кезінде биікке көтеріле алмай" екі қабатты тұрғын үйге соғылған. Премьер-министрдің тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG