Алматы халықаралық әуежайы Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау хронологиясын жариялады.
27 желтоқсанда таңертең Bek Air авиакомпаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлаған. Ұшақ бортында 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. 12 адам қаза тапты. 50 жуық адам жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Алматы әуежайының дерегінше, ұшақ ұшып кеткен соң бір минуттан кейін радардан жоғалған.
- 05.35 – Тіркеу басталды.
- 06.35 – Тіркеу аяқталды.
- 07.03 – Ұшаққа отырғызу аяқталды.
- 07.21 – Ұшақ ұшты.
- 07.22 – Борт радардан жоғалып кетті.
- 07.24 – Ұшу жетекшілері әуежайдың құтқару командасына хабар беріп, дабыл қақты. Құтқару командасына іздеу және апаттық құтқару қызметі, медициналық қызмет, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қызметі, арнайы транспорт қызметі, аэродром қызметі, авиация қауіпсіздігі қызметі, жүк тасымалдау қызметі, инженерік-авиациялық қызмет кіреді.
- 07.27 – Құтқару командасы әуежайдың 6 «К» аймағына жиналды.
- 07.35 – Ұшу жетекшілерінен ұшақ апатқа ұшырағаны жайлы хабар келді.
- 07.36 – Ұшақ апатқа ұшыраған 18 «В» квадратына өрт сөндіруші мен құтқарушылар келді. Жолаушыларды эвакуациялау басталды.
- 07.38 – Оқиға орнына құтқарушылар мен іздеу командасы келіп, эвакуациялау шарасына кіріседі.
- 07.39 – Құтқарушы команданың жетекшісі Алматыдағы ауруханалардан қосымша күш сұрайды.
- 07.42 – Оқиға орнына әуежайдың апаттық-құтқару командасы толық жиналды
- 08.10 – Аман қалған жолаушылар эвакуацияланып, терминалға жеткізілді.
Апат болған алғашқы минуттарды оқиға орнына 22 техника мен әуежайдың жеке құрамынан 83 адам барды.
ПІКІРЛЕР