Accessibility links

Денсаулық сақтау министрі: Ұшақ апатында жараланғандардың бірінің жағдайы ауыр


Алматы әуежайы маңына құлаған ұшақ. 27 желтоқсан 2019 жыл.

Алматы түбіндегі ұшақ апатынан соң ауруханаға түскендердің тоғызы әлі де жансақтау бөлімінде, біреуінің жағдайы ауыр. Бұл хабарды бүгін үкімет отырысы қарсаңында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Министрдің сөзінше жансақтау бөлімінде жатқандардың тоғызы да ересек адамдар. Жетеуі қалалық №4 клиникалық ауруханаға, екеуі Алматы облысы клиникалық ауруханасына апарылған.

- Ауруханада 46 пациент жатыр. Балаларды жансақтау бөлімінен шығарды, өмірлеріне қауіп жоқ, дегенмен әлі де емдеу керек. Пациенттердің бірінің жағдайы ауыр, жасанды жолмен дем беріп жатыр. Екінші ұшқыш та ауруханада. Бәрінде сынық бар, операция жасалды,– деді Елжан Біртанов.

27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлаған еді. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен.

Қазақстанда 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған. Сенбі күні кейбір қалада тұрғындар ұшақ апатынан қаза болғандар тағзым етті.

Премьер-министр Асқар Мамин апаттан қаза болғандардың отбасына төрт миллион теңгеден (шамамен 10,5 мың доллар) төленетінін айтты. Bek Air компаниясына берілген лицензия уақытша тоқтатылды.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG