Accessibility links

Алматыда кинология орталығы басшылары "пара алған" деген күдікпен ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті кинология орталығының басшысы мен орынбасары "пара алған" деген күдікпен қамауға алынған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратта күдіктілерді ұстауға прокуратура өкілдері де қатысқаны айтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, кинология орталығы басшылары "қарамағындағы адамдардан қызметте қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде 2 миллион 182 мың теңге (шамамен 5700 доллар – ред.) пара алған" деген күдікке ілінген.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 28 желтоқсандағы шешімімен күдіктілер қамауға алынған. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG