Accessibility links

Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео келеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 2020 жылы 5 қаңтарда Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы Помпео Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Бұл жолғы сапарында АҚШ мемлекеттік хатшысы Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, елді отыз жылға жуық басқарғаннан кейін биыл наурызда президенттіктен кеткен, алайда Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы әрі биліктегі "Нұр Отан" партиясының жетекшісі ретінде билікке ықпалын сақтап қалған Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесіп, екіжақты, аймақтық, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

6 қаңтарда Помпео мен Тілеуберді Ташкентте Орталық Азиядағы бес мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен "С5+1" форматында өтетін кездесуге қатысады.

Бұл жолғы сапарында Помпео Орталық Азиядан өзге Украина, Беларусь және Кипрге сапармен барады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG