Первый канал мен “Россия 24” арнасы Youtube желісіндегі Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа жылдық құттықтауынан лайктар мен дизлайктарды жасырып тастады.
“Эхо Москва” радиосының хабарлауынша, 1 қаңтар түскі 13.00-ге дейін Первый каналдың Youtube арнасындағы Путиннің құттықтауы 66 мың дизлайк, 12 мың лайк жинаған.
Ал НТВ телеарнасының Youtube желісіндегі Путиннің құттықтауының астындағы лайктар мен дизлайктар санын қалдырған. 1 қаңтардың ортасына таман бұл видео 30 мың дизлайк, 8 мың лайк жинаған.
19 желтоқсанда Путиннің баспасөз мәслихаты “Россия 24” арнасының Youtube арнасында 51 мың дизлайк, 15 мың лайк жинаған еді.
ПІКІРЛЕР