Accessibility links

Ирактағы наразылар АҚШ елшілігін қоршаудан босатты


АҚШ елшілігі алдында әуе шабуылынан қаза болған"Хезболла" әскерилерінің фотосы. 1 қаңтар 2020 жыл.

Иранды қолдайтын әскерилер мен олардың жақтастары Бағдаттағы АҚШ елшілігін қоршаудан босатты. Ирак әскерилері елшілік аумағын бақылауына алған. Бұл туралы Ирак билігіне сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады.

31 желтоқсанда Иракта наразылар АҚШ елшілігіне басып кіріп, оны алмақ болған. Оларға Ирак қауіпсіздік күштері қарсылық білдірген. 1 қаңтарда наразылар елшілікті алуға тағы бір талпыныс жасап көрген. Бұл жолы демонстранттарды АҚШ әскерилері көзден жас ағызатын газбен таратқан.

АҚШ күштері Ирак пен Сириядағы “Хезболла” шиит топтарының базаларына әуеден шабуыл жасап, кемінде 25 адам мерт болған. Наразылыққа осы шабуылдан соң басталған.

АҚШ президенті Дональд Трамп елшілікке шабуылды Иран ұйымдастырды деп айыптады. Тегеран мұны жоққа шығарады.

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер аймаққа 750 десант орналасқанын хабарлаған. Кейін оларға тағы төрт мыңдай әскери барып қосылған. Қазір Таяу Шығыста 19 мыңдай америкалық солдат бар.

Ирактағы жағдайдың ушығуына байланысты АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға сапарына кейінге шегерді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNEWS 17.02.2020
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG