Accessibility links

Трамп Бағдаттағы шабуыл туралы: "Соғыс бастау үшін емес, соғысты тоқтату үшін шара қолдандық"


АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатындағы баспасөз жиынында. 3 қаңтар 2019 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатындағы баспасөз жиынында. 3 қаңтар 2019 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп "соғысты тоқтату үшін" Иранның әскери қолбасшысы Касем Сулейманиге шабуыл жасауға бұйрық бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, генерал Бағдатта АҚШ пен оның одақтастарына қарсы "қатерлі" шабуылдар ұйымдастырған.

"Біз соғыс бастау үшін емес, соғысты тоқтату үшін шара қолдандық" деді Трамп 3 қаңтарда Флорида штатында өткен баспасөз жиынында.

Бағдат әуежайындағы шабуылдан кейін шамамен бір тәулік өткен соң Иран қолдайтын қарулы топтарға шабуыл жасалғаны туралы хабар тарады. Одан кемінде бес адам қаза тапқан. Жаңа шабуыл туралы ақпарат бірден расталған жоқ. Оны нақты кім жасағаны әзірге белгісіз.

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының элиталық жасағын басқарған ирандық генерал Касем Сулеймани 3 қаңтарда Бағдат әуежайында дронмен жасалған шабуыл кезінде қаза тапқан еді. Пентагон бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен жасалған әскери операция екенін айтты. Президенттің жақтастары Трамптың шешімін жоғары бағалады, ал сыншылар алаңдаушылық білдірді. Халықаралық қауымдастық тараптарды жағдайды ушықтырмауға шақырды.

3 қаңтарда Иран БҰҰ-ның бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, халықаралық құқыққа сәйкес, адам өліміне жауап ретінде Тегеранның "қажетті шараларды қолдануына құқығы бар" деп ескерткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG