Accessibility links

Беларусь және Ресей мұнай тасымалдауды жартылай қалпына келтірді


Беларусь аумағы арқылы Ресей мұнайын Еуропаға тасымалдайтын "Дружба" мұнай құбыры.

Беларусь және Ресей өкілдері алғашқы мұнай партиясын тасымалдау бойынша құжаттарды рәсімдеуге кірісті. Соңғы төрт күнде мұнай тасымалы тоқтап қалған еді.

Тараптар жаңа келісім шарттарына келісе алмағандықтан жаңа жылдан бастап Ресей мұнай импортын тоқтатқан еді. Соның салдарынан Беларусь мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығын азайтып, шетелге мұнай өнімдерін сатудан уақытша бас тартқан.

Ресейлік екі компания жақын арада қайта мұнай тасымалдана бастайтынын айтты. Беларусь жағының айтуынша, алғашқы партия мұнай өңдеу зауыттарын қаңтар айының аяғына дейін шикізатпен қамтамасыз етуге жетеді. 4 қаңтарда Ресей мен Беларусь премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесіп, осыдан кейін тасымалдаудың жартылай қалпына келгені туралы хабар тараған. Ресей жағы Минскіге премиялық қосымша төлемсіз шикізат тасымалдауға келіскен.

Тараптар негізінен осы мәселеге байланысты өткен жылы келісімге келе алмаған еді. Бұрын Беларусь Ресейге премиялық қосымша төлеп келген (әрбір тоннаға он доллардан). Соның салдарынан Беларусь бюджетіне жылына 200 миллион доллар салмақ түскен. Алайда қазір Мәскеудің салық жүйесіндегі өзгерістеріне байланысты Минск мұнай өңдеу зауыттарының шығын көлемін азайту үшін оны төлеуден бас тартып отыр. Ресей бұл премияның сақталып қалғанын қалайды.

Биыл Беларусь Ресейден 24 миллион тоннаға дейін мұнай сатып алуды жоспарлап отыр.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG